Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2025 19:04 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысып, археология, этнография, Қазақстанның бұрынғы және қазіргі тыныс-тіршілігінен хабар беретін залдарды аралап көрді.

Биыл жазда бой көтерген музейде 12 тақырыптық зал жабдықталған. Қазір мекеме қорында 70 мыңға жуық жәдігер бар.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: