Президент Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты

Президент Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2024 19:03 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты. Медициналық нысанда жылына 8 200 нәресте дүниеге келіп, 13 мыңнан астам адам ем алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар "Аңсаған сәби" жобасы аясында жылына 130 ЭКО жасалады. Ал ерте араласу орталығында 200 бала оңалту шараларымен қамтылады.

Ақорданың мәліметінше, Президентке орталықта туа біткен сырқаты бар нәрестелерге 50 кардиохирургиялық және офтальмологиялық ота жасалғаны туралы мәлімет берілді. Орталық ашылғанға дейін мұндай диагнозы бар сәбилер Астана қаласында емделген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекемеде жыл басынан бері жүзеге асырылып жатқан "Бір күндік клиника" жобасы таныстырылды. Аталған бастама қанмен берілетін ауруларды ерте бастан анықтауға көмектеседі. Осы жоба аясында бүгінге дейін 6 мың әйел медициналық тексеруден өткен.

Мемлекет басшысы мекеме қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмысына табыс тіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: