ҚР ҰҚК қазан айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың нәтижесін жариялады

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 13:54 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 3 қарашада Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қазан айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы қызмет қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәліметке сәйкес, ҰҚК жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2025 жылғы қазанда 83 құқықбұзушылықты тіркеген.

Олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша сараланған:

  • 189-бап (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) – 12 дерек;
  • 190-бап (алаяқтық) – 16;
  • 195-бап (алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру) – 1;
  • 206-бап (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) – 1;
  • 361-бап (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) – 2;
  • 362-бап (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) – 3;
  • 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
  • 366-бап (пара алу) – 26;
  • 367-бап (пара беру) – 11;
  • 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;
  • 380-бап (билік өкіліне қатысты күш қолдану) – 1;
  • 394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;
  • 414-бап (заңсыз ұстау немесе қамауға алу) – 1;
  • 433-бап (қылмысты жасыру) – 2 дерек.

Сонымен қатар 54 қылмыстық іс сотқа жолданған. Олардың ішінде:

  • 147-бап (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректерді қорғау заңнамасын бұзу) – 1 іс;
  • 189-бап – 1;
  • 190-бап – 17;
  • 366-бап – 19;
  • 367-бап – 11;
  • 368-бап – 5 іс.
"Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деп атап өтті ҰҚК баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан шекарашылары 2025 жылдың қазан айында 4,8 мыңға жуық құқықбұзушылық дерегін анықтаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: