Маңғыстау облысында қаңғыбас мысық тістеп алған ер адам көз жұмды

Жедел жәрдем, Маңғыстау облысы, қаңғыбас, мысық, тістеу, ер адам, құтыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 19:21 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының тұрғыны қаңғыбас мысық тістеп алғаннан кейін құтыру ауруына шалдығып, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті lada.kz басылымы аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасай отырып, ер адам уақытында медициналық көмекке жүгінбегенін, мұның ақыры өлімге әкеліп соққанын жазады.

Жыл басынан бері өңірде жануарлардың тістеуінің 1300-ден астам жағдайы тіркелді. Ведомствоның мәліметінше, тек тоғыз айдың ішінде 1 351 адам антирабиялық көмекке (жараны өңдеу және иммунизация) жүгінген. Оның 52%-ы - балалар, 4,4%-ы - жасөспірімдер, 43,4%-ы - ересектер.

Көбінесе иттер шабуыл жасайды – жалпы санның 64,7%-ы, мысықтар - 34,1%.

Иттерден 823 адам, мысықтардан 461 адам, ал басқа жануарлардан 67 адам зардап шекті.

801 адам антирабиялық вакцина, ал 544 пациент иммуноглобулин алды, ол жараның ауырлығы мен орналасуына байланысты жұқтыру қаупі жоғары болған кезде қолданылады.

Мамандар жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейі тиген кезде дәрігерге мүмкіндігінше тезірек қаралып, тағайындалған екпені кестеге сай алуы керектігін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: