Маңғыстау облысында әйелін ұрып-соққан ер адам жазадан сытылып кетті

Ұрып-соғу, Маңғыстау облысы, әйелі, ер адам, сот үкімі, Қарақия ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 18:51 Сурет: pexels
Әйелін ұрып-соққан Маңғыстау облысының тұрғыны жазадан сытылып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарақия аудандық сотының мәліметінше, оқыс оқиға 2025 жылғы 21 қазанда болған. Ал жәбірленушіге келтірілген дене жарақы жеңіл деп танылған.

"Сот талқысы барысында жәбірленуші өзіне келтірілген зиянның өтелгенін және күйеуімен татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босатуды және қылмыстық істі тоқтатуды соттан сұрады".Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі

Прокурор және адвокат істі татуласу негізінде тоқтатуға қарсы еместігін жеткізді.

Нәтижесінде сот Қылмыстық кодекстің 68-бабы 1-бөлігін басшылыққа ала отырып, ер адамды қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2025 жылы 30 қазанда Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әйелін өлтіріп, туған бауырының өміріне қастандық жасады деп айыпталған Сырымбек Сайлауға қатысты үкім шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: