Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар әшкереленді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 14:12 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында полицейлер Мемлекет басшысының "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында мал ұрлығының алдын алу және анықтау шараларын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері 41 адам мал ұрлығын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 27 адамнан құралған 10 қылмыстық топтың әрекеті белгілі болды.

Кешенді шаралардың нәтижесінде өңірде ұрланған малдың 68 пайызы иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар мал-ет өнімдерін заңсыз тасымалдаған 464 азамат жауапкершілікке тартылды. Мал жаю ережелерін бұзған 2083 тұрғынға тиісті шаралар қабылданды.

"Мал ұрлығының басым бөлігі малдың қараусыз қалуынан туындайды. Азаматтардың өз малын қадағалап, сақтық шараларын жасауы — қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы. Осы бағытта өңірде мал және ет саудасы орындарында "Малды қорғаудың бес қадамы" акциясы жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде оң көрсеткіштер байқалуда", – деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Юсупов.

Полиция азаматтарды малды қараусыз қалдырмауға, жайылым мен қора-жайларды бақылауда ұстауға және күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: