Қарағандыда есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қарағандыда есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 09:14 Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысында полиция есірткі өндіріп, сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі.

5 қарашада полиция департаменті мен облыстық прокуратура қызметкерлері Қарағанды қаласы, Сортировка кентінде арнайы операция өткізді. Операция барысында 28 бен 30 жас аралығындағы екі тұрғын синтетикалық есірткі — Альфа-PVP өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары:

  • 1 тоннадан астам прекурсор зат,
  • 52 келіден астам дайын есірткі,
  • өндіріс құрал-жабдықтары (электронды таразылар, араластырғыштар, кептіргіштер, вакуумдағыштар, контейнерлер және тағы басқа) тәркіледі.

Осы операцияның нәтижесінде шамамен 173 мың доза синтетикалық есірткі нарыққа түсуінің жолы кесілді, жаңа "курьерлер" мен жасырын таратушылардың қылмыстық іске тартылуына жол берілмеді.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер үйді зертхана ашу үшін жалдап, психотроптық заттарды куратордың нұсқауымен дайындаған, ал еңбекақылары криптовалюта түрінде төленген. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: