Хромтау әкімі қамауға алынды

Хромтау әкімі Сағындық Шәбікбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2025 10:38 Сурет: gov.kz
Хромтау әкімі Сағындық Шәбікбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі 2025 жылғы 12 қарашада растады.

"Сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауда ұстауға санкция берді. Тергеу жүріп жатқандықтан, өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат дерегінше, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Пара алу" бабымен күдікке ілінген.

Сағындық Шәбікбаев 1985 жылғы 24 шілдеде Қостанай облысында туған. 2008 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін "Инженер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Айтеке би ауданы бойынша "ХҚКО" филиалында инспектор қызметінен бастаған. Әр жылдары Айтеке би ауданы, Хромтау ауданы және Хромтау қаласы әкімдерінің аппараттарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Хромтау әкімінің орынбасары болған.

2023 жылдың қыркүйегінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен қала әкімі болып сайланды.

Бұған дейін екі қаланың бұрынғы прокуроры 4,5 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған еді. Арқалық қаласының бес жыл прокуроры болған және Рудныйдың бір жыл прокуроры қызметін атқарған Марат Успановқа 2025 жылғы 31 қазанда Қостанай қаласының №2 сотында үкім шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: