Ақтөбеде серуендеймін деп "тұзаққа" түскен қызға құтқарушылар көмекке келді
Сурет: ҚР ТЖМ
Ақтөбеде Әбілқайыр хан көшесімен кешкі серуендеу кезінде 24 жастағы бойжеткеннің аяғы тротуардағы суағар жүйесінің торына түсіп, қысылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіби шеберліктерінің арқасында ТЖД мамандандырылған отрядының қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен тордың темірлерін абайлап кесіп, зардап шегушінің ауыр жарақат алуын болдырмай аяғын босатып алды.
"Құтқарылған қыз тексеруден өту және қажетті медициналық көмек алу үшін жедел жәрдем дәрігерлеріне табысталды. Бұл жағдай құтқарушыларымыздың кез келген күрделі жағдайда тез шешім қабылдауға және жоғары дәлдікпен әрекет етуге дайын екенін тағы бір рет дәлелдеді, делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Бұған дейін Семейде полицейлер басын қатерге тігіп, жанып жатқан пәтерден адамдарды аман алып шыққанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript