Семейде полицейлер жанып жатқан пәтерден адамдарды аман алып шықты

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2025 13:56 Фото: Zakon.kz
Полицейлер – әрдайым қиын сәтте бірінші болып көмекке келетін адамдар. Олар арнайы құтқару киімін кимесе де, өз өмірін қауіпке тігіп, өзгелердің өмірін сақтап қалады.

10 қараша күні Семей қаласындағы көпқабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балконында өрт шыққан. От әйнектерді ерітіп, пәтер ішіне өте бастаған сәтте оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция қызметкерлері жеткен.

Кешіктірместен олар үйге жүгіріп кіріп, жоғары қабатқа көтерілді. Полицейлер тұрғындарды сыртқа шығарып, жалынды өз күштерімен сөндіруге кіріскен. Олардың дер кезінде қабылдаған шешімі мен батыл қимылының арқасында өрттің әрі қарай таралуына жол берілмей, адамдардың өмірі сақталды.

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін тәртіп сақшылары аулада тұрған көліктерді жылжытып, арнайы техниканың өрт ошағына тез жетуіне жағдай жасады. Қауіп жойылған соң, полицейлер өз қызметтерін жалғастырып, қала тыныштығын күзетуге қайта кірісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: