ШҚО-да құтқарушылар аяғы төсекке қысылып қалған сәбиге көмекке келді
Сурет: pixabay
Шемонаиха қаласында кішкентай баланың аяғы балалар төсегіндегі ағашқа қысылып қалып, шарасыз ата-ана 112 қызметіне қоңырау шалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көмекке келген ТЖМ қызметкерлері құрал-саймандармен төсектің бұрандасын шешіп, баланың аяғын босатты. Құтқару операциясы өткізген кезде бір жасар батыр бала өзін тыныш ұстады және ТЖ қызметі мамандарының жұмыс істеуіне кедергі келтірмеді", делінген төтеншеліктердің 2025 жылғы 19 қаңтардағы хабарламасында.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу ескертіледі.
Бұған дейін ас әзірлеп жатып, бір шаруамен сыртқы шығып кеткен елордалық пәтерін өртеп ала жаздағанын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript