Павлодарда бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті қолға түсті
Фото: pexels
Павлодар облысының киберполициясы бірнеше рет алаяқтық жасады деп күдіктелген жергілікті тұрғынды ұстады.
Ер адам өзін тұрмыстық және компьютерлік техниканы жөндейтін шебер ретінде таныстырып, азаматтардан телефон, гаджет және басқа құрылғыларды қабылдаған. Бірақ уәде етілген қызмет көрсету орнына алынған заттарды ломбардқа өткізіп, ақшаны өз қажеттігіне жұмсаған.
Қазіргі мәлімет бойынша күдіктінің сегіз алаяқтық фактісі анықталған.
"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Павлодар облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Әбетжанов.
Полиция азаматтарды сақ болуға, күмән тудырған қызмет түрлеріне сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша, мүлік немесе жеке деректерді бермеуге шақырады. Егер алаяқтық құрбаны болсаңыз, 102 нөмірі немесе "Police 102" қосымшасы арқылы хабарласуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript