Қарағандыда алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 09:41 Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды қалалық полиция басқармасының Орталық полиция бөлімі қызметкерлері 18 жастағы жергілікті тұрғынды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.

Тергеу барысында күдікті 83 жастағы қала тұрғынына телефон соғып, өзін дәрігер ретінде таныстырғаны анықталды.

Ол әжейдің қызы жол-көлік оқиғасына кінәлі болды деп айтып, жәбірленушілерге өтемақы төлеу қажет деген сылтаумен бір миллион теңгені алдап алған.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға және түрлі сылтаулармен ақша талап ететін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Осындай қоңыраулар болған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласу қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: