Ақтөбеде гонконг вирусын жұқтыру дерегі анықталып, расталды

Тұмау, жөтел, ганконг тұмауы, Ақтөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 19:50 Сурет: pixabay
Ақтөбеліктер жоғары температура мен жөтел қатар жүретін біртүрлі суық тию дертіне жаппай шағымдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғындар, әсіресе бұл ауру балаларда ауыр жүріп жатқанын айтады: дене қызуы 38°-тан жоғары көтеріліп, ауыз жаппай жөтеледі, әлсіздік пайда болады.

"Балабақшада біздің топтағы балалардың жартысына жуығы дүйсенбіде келмеді. Бәрі ауырып жатыр. Ересектер де жөтеліп жүр. Бұл гонконг тұмауы атты жаңа вирус болуы мүмкін екенін естідім. Расында, бұл солай ма? Жұқпалы аурулар ауруханасына осы диагнозбен адамдардың көптеп келіп түсіп жатқаны да шын ба?", деп "Диапазон" басылымы қала тұрғынының сұрағын алға тартады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті журналистерге қалада Гонконг вирусын жұқтыру жағдайлары бар екенін растады. Бірақ, бұл штаммды жаңа деп атауға болмайтынын атап өтті.

"Қазіргі уақытта облыста Гонконг вирусы деп аталатын А типті тұмауды (H3N2) жұқтыру жағдайлары зертханалық түрде анықталып, расталды. Бұл - жыл сайын күз-қыс кезеңінде таралатын маусымдық кіші типті вирус. Оны жаңа түрге жатқызуға болмайды, ол маусымдық тұмаудың бұрыннан белгілі штаммдарына жатады".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 12 қарашадағы жағдай бойынша Гонконг вирусының 11 жағдайы зертхана деңгейінде расталғанын айтты.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) туберкулез әлемдегі ең қауіпті жұқпалы аурулардың бірі болып табылатынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: