Ақтөбе облысының әкімі 12 адамның өмірін қиған жол апаты туралы: Жолдарға түсетін жүктеме өте үлкен

Жол апаты, БҚО, Чапай, Жаңақала, Сайқын, тас жолы, Ақтөбе облысының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 17:18 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ-да өткен брифинг барысында 12 адамның өмірін қиған жуырдағы жол апатынан кейін қандай қорытынды жасалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Шахаров бұл мәселе ерекше бақылауда екенін атап өтті.

"Үкіметтік комиссия құрылды, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр және біз алдын-ала қандай да бір ақпарат ұсына алмаймыз, өйткені біздің тергеу амалдарына араласуға құқығымыз жоқ. Аталған оқиғаға кінәлілер мен басқа да фактілер алда айтылатын болады", - деді ол.

Оның айтуынша, әкімдік өз тарапынан "Қазавтожолмен" бірлесіп бірқатар шаралар қабылдады.

"Жолдарға түсетін жүктеме өте үлкен, ал аталған жол мойын тәрізді тарылып келеді, онымен 15-16 мың көлік, көбіне жүк көліктері біздің аймақ арқылы өтеді. Оны төрт жолақты ету туралы шешім қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде басталып кеткен, "Қазавтожол" теміржол өткелі арқылы өтетін, негізінен, кептелістер болатын 28 шақырымды қамтитын бірінші учаскені тапсырды . Бұл жұмысты ары қарай жалғастыру керек. Бізде 6 учаске бар. Полиция департаменті патрульді сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ұлғайтты және полицияның тәулік бойы кезекшілігі де ерекше бақылауда болады", деп сөзін түйіндеді аймақ басшысы.

Айта кетсек, 2025 жылғы 18 қарашада БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Чапай-Жаңақала-Сайқын бағытындағы тас жолда орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрылды. 17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын бағытындағы тас жолдың 50-шақырымында Toyota Camry және Volkswagen Sharan автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан жол апаты орын алып, екі көліктің бірі өртенген. Оқиға орнында 8 адам қаза тауып, 4 адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан азаматтар - Жаңақала ауданының Мұқыр, Жаңақала, Қызылоба, Мәштексай ауылдарының және Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылының тұрғындары.

Ал 12 адамның өмірін қиған жол апаты 2025 жылы 23 қазанда Самара - Шымкент тас жолында, Белқопа ауылы маңында болған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: