ШҚО әкімі өңірде заңсыз алтын іздеп, өндірушілерге қатысты пікір білдірді
Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылғы 20 қарашада ОКҚ-да өткен брифинг барысында өңірде жер қойнауын пайдалану саласындағы заңсыздықпен қалай күресіп жатқандарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер БАҚ пен әлеуметтік желіде өңірде заңсыз алтын өндіру туралы ақпарат жиі кездесетінін атап өтіп, аталған заңсыздықпен күрес қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.
"Біз бұл мәселені құқық қорғау органдарымен бірлесіп тұрақты түрде өз бақылауымызда ұстаймыз. Қажет болған жағдайда авиацияны, тікұшақтарды тартып, тиісті жұмыстарды ұйымдастырамыз. Олардың қарасы көп, бірталайы ұсталып, қамауға алынды. Техникалық құралдар мен арнайы техника тәркіленді, бұл жұмыс одан ары да жалғастыратын болады", – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.
Оның айтуынша, оларды заңды алаңға көшіру жұмыстары жүргізілуде.
"Ашық жұмыс істеу дұрыс екенін түсіндірудеміз. Биыл 47 адам осы қызмет түрінің лицензиясына ие болды, ал өткен жылы мұндай лицензиясы барлар тек 11 болған. Лицензияларды алғаннан кейін олар қорықпай ашық жұмыс істей алады. Лицензиясыз жұмыс істегенде, олар экономикалық залал ғана емес, жер учаскелеріне де зиян келтіреді, бұл елдімекендегі халыққа кәдімгідей проблемалар тудырады", деп сөзін түйіндеді ШҚО басшысы.
2025 жылғы 21 қазанда Шығыс Қазақстан облысында астыртын алтын іздеушілер өзен арнасын бұрып, екі жыл бойы заңсыз алтын өндіріп келгені хабарланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript