ШҚО әкімі өңірдегі уақыт белдеуін өзгерту туралы өтініштерге жауап берді

Часы, часовой пояс, время, смена часового пояса, часовой пояс Казахстана, часовой пояс в Казахстане, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 12:51 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылғы 20 қарашада ОРК-да өткен брифингте өңірдегі бұрынғы уақыт белдеуін қайтару мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл мәселені журналистер көтерді. Олардың айтуынша, тұрғындар өңірде ерте қараңғы түсетінін, әсіресе қысқы кезеңде қиындық тудыратынын айтып шағымданады. Журналистер уақыт белдеуін қайта қарастыру жоспары бар ма деп сұрады.

Нұрымбет Сақтағанов бұл мәселе мамандар мен ғалымдардың ұсыныстары мен талдауларын ескере отырып, мемлекеттік деңгейде қаралғанын еске салды.

"Жаңа уақыт бойынша біз шамамен екі жылдан астам өмір сүріп келеміз – бір жыл сегіз ай. Қазір көптеген ұйымдар мен мекемелердің жұмыс кестесін қайта қарадық: жұмыс уақыты 08:00-де басталады. Әлемнің әртүрлі қалаларында да әртүрлі кестемен жұмыс істейді, бірақ мұндай мәселелер туындамайды. Менің ойымша, біз бұл мәселені қайта қарастырмаймыз", – деді өңір басшысы.

Еске салсақ, 2025 жылғы 20 наурызда ШҚО бойынша жаңа жұмыс кестесі енгізілген: жұмыс күні 08:00-де басталып, 17:30-де аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: