Жаңалықтар тізбегі
0

Жұманғарин сағат белдеуін өзгерту туралы: Соңғы шешім қабылданды

Часы, часовой пояс, время, смена часового пояса, часовой пояс Казахстана, часовой пояс в Казахстане, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 11:07 Фото: Zakon.kz
2024 жылғы 23 қазанда үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин елдегі бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, шешім қабылдаудың белгілі бір ережелері бар.

"Үкімет шешім қабылдағанда үнемі мемлекеттік референдум өткізудің қажеті жоқ, сондықтан алқалы орган бар. Бұл жағдайда шешім қабылдаудан бұрын қажетті зерттеулер жүргізіліп, шешім қабылданды. Осыдан кейін нормативтік-құқықтық актілер аясында өтініш түсіп, ол белгіленген тәртіпте қаралып, барлық оң және теріс жақтары тиісті топтарда қаралды. Соңғы шешім қабылданды", — деді Серік Жұманғарин.

Ол бұл мәселені қысқа мерзімде емес, орта мерзімді перспективада зерттеп, оның қандай әсер ететінін анықтауды ұсынды.

"Енді Үкімет бұл мәселені көтеріп, қайталап түсініктеме беруді көздеп отырған жоқ, біз әр кезде регламенттен ауытқып кететін болсақ... Шешім болды, петиция қаралды, шешімді бекіту керек деп ойлаймын. Осымен тоқтайық", — деп түйіндеді сөзін Серік Жұманғарин.

2024 жылдың 22 қаңтарында Қазақстанды 1 наурыздан 5-ші сағаттық белдеуге ауыстыру туралы қаулы қабылданды.

2024 жылғы 8 қазанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бұрынғы сағат белдеуін қайтару мәселесіне түсініктеме бере отырып, сағат белдеуін өзгерту туралы шешім қабылдауды күтіп, барлық пікірді тыңдау керектігін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: