Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Никол Пашинян Қазақстанның ең жоғары наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша қазақ халқына алғыс айтып, мұны отандастарына көрсетілген ерекше құрметтің белгісі ретінде қабылдайтынын жеткізді  – Мен үшін бауырлас Қазақстан Республикасының ең жоғары наградасына ие болу және оны Сіздің қолыңыздан алу – зор мәртебе. Сізді өте тәжірибелі саясаткер, мемлекет қайраткері, дипломат ретінде білеміз. Сондықтан Сіздің берген бағаңыз мен үшін құнды. Бұл марапат екіжақты қарым-қатынасымызды ғана емес, тұтас өңірдің дамуына септігін тигізеді деп сенемін, – деді Армения Премьер-министрі. , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2025 13:38 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 21 қарашада, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада қазақстандықтар Никол Пашинянды Арменияның дамуына жаңа леп әкелген, мемлекеттік құрылымның барлық салада қайта жаңғыруына тың серпін берген жалпыұлттық көшбасшы деп білетінін жеткізді.

Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында Армения орнықты даму жолына түсіп, халықаралық аренадағы позициясын нығайтты. Сондай-ақ ішкі және сыртқы саясатта парасатты, жауапты ұстанымымен үлгі көрсетіп отыр. Сіз өте күрделі геосаяси ахуалда қалыптан тыс әрі батыл шешім қабылдадыңыз. Түптің түбінде бұл армян халқына пайдасын тигізетін өте құнды шешім болды. Достас, бауырлас Армения бейбітшілік, орнықты даму жолын таңдағаны анық. Бұл істе Сіздің тарихи еңбегіңіз зор. Вашингтонда қабылданған Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келісімді ілгерілетуде елеулі рөл атқарғаныңызды атап өткім келеді, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде қазақ-армян мемлекетаралық байланысы стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін мәлімдеді.

Бұл іске Сіздің елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуға белсенді атсалысуыңыз айтарлықтай ықпал етті. Қазақ-армян қарым-қатынасын дамытудағы үлкен үлесіңіз бен айрықша еңбегіңізді ескере отырып, бүгін Сізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – мызғымас бауырластығымыздың, өзара берік сенімнің және халықтарымыздың келешегі жолындағы ортақ ұмтылыстарымыздың жарқын символы, – деді Президент.

Никол Пашинян Қазақстанның ең жоғары наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша қазақ халқына алғыс айтып, мұны отандастарына көрсетілген ерекше құрметтің белгісі ретінде қабылдайтынын жеткізді

Мен үшін бауырлас Қазақстан Республикасының ең жоғары наградасына ие болу және оны Сіздің қолыңыздан алу – зор мәртебе. Сізді өте тәжірибелі саясаткер, мемлекет қайраткері, дипломат ретінде білеміз. Сондықтан Сіздің берген бағаңыз мен үшін құнды. Бұл марапат екіжақты қарым-қатынасымызды ғана емес, тұтас өңірдің дамуына септігін тигізеді деп сенемін, – деді Армения Премьер-министрі.

"Алтын Қыран" ордені – Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі.

Бұл орден ел алдында айрықша еңбегі бар азаматтарға беріледі. "Алтын Қыран" орденімен наградтау үшін кандидаттарды Қазақстан президенті айқындайды.

Пашинян 2025 жылғы 20 қарашада ресми сапармен Астанаға келді. Әуежайда оны премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

21 қараша таңында Пашинян Instagram парақшасында қар басқан Астана фонында түсірілген видеосын жариялап, өзінің фирмалық жүрекшесін көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: