Атыраулық құтқарушылар қызыл жалын арасынан 11 адамды алып шықты
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ құтқарушылары 2025 жылғы 9 желтоқсанда көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 11 адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, түнде 112 пультіне Атырау қаласының бір ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
"Өрт сөндірушілер саты арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, оның ішінде екі бала бар 7 адамды құтқарып, оларды одан әрі тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар автосатының көмегімен тағы төрт адам құтқарылды, олардың ішінде бір бала бар",- делінген ақпаратта.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің шұғыл және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Қызыл жалынның шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript