Батыс Қазақстан облысында браконьерлер ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 16:50 Фото: Zakon.kz
Теректі ауданында Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау полициясы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен рейд барысында заңсыз аңшылық дерегін анықтады.

Шағатай ауылдық округінің орман алқабын патрульдеу кезінде Toyota Avensis автокөлігі тоқтатылып, салонда төрт ер адам болғаны белгілі болды.

Тексеру барысында олардың екеуінен аңшы мылтығы тәркіленді, ал жүк салғыштан төрт еліктің өлексесі табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті заңсыз аңшылықтың қатаң тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.

Еске сала кетейік, 1 желтоқсаннан бастап өңірде заңсыз аң аулаудың алдын алуға, сирек жануарларды қорғауға және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуге бағытталған "Киік" акциясы өтуде.

Акция басталғалы бергі 10 күн ішінде 23 әкімшілік құқық бұзушылық және бір қылмыстық дерек тіркелген. Профилактикалық шаралар жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: