Ақтау, Атырау әуежайларында жолаушыларға рейстердің кешігетіні ескертілді

Әуежай, Ақтау, Атырау, рейстер, кешігу, қолайсыз ауа райы, Air Astana, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2025 11:47 Сурет: Zakon.kz
2025 жылы 14 желтоқсанда Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған өңірдегі қолайсыз ауа райы түрткі екені нақтыланады.

"Air Astana әуекомпаниялар тобының атынан Ақтау және Атыраудан/ға ұшатын рейстердің ауа райының бұзылуына және Ақтау, Атырауға ұшатын ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын атқару мүмкін болмай жатқанына байланысты кешігіп жатқанын хабарлаймыз", делінген аталған әуе компания хабарламасында.

Жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейске қатысты ақпаратты ресми сайттан немесе мобильді қолданбадан қарау ұсынылады.

"Қазгидрометтің" 14 желтоқсанда жариялаған дауылды ескертуіне сүйенсек, Ақтауда аздап қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, ал кейбір жерде 30 м/с немесе одан да көп. Атырауда қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: