Жезқазғанда екі жасар қыз жансақтау бөліміне түсті. Анасы дәрігерлерді кінәлап, жоғарыдан көмек сұрайды

Жансақтау бөлімі, Жезқазған, екі жасар қыз, соқырішек, анасы, үндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2025 13:39 Сурет: primeminister.kz
Кішкентай қыз бала Жезқазған қаласындағы аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Анасы дәрігерлерді кінәлап, қызын емдету үшін Астанаға жеткізуді сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі жасар Алисаның жағдайын айтып, көмек сұраған үндеу белсенді Берік Жағыпаровтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Мен, Кузьмина Альбина, кәмелетке толмаған екі жасар қыздың анасымын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жүгіне отырып, реаниматолог дәрігерлермен бірге санавиация бөлуді, содан кейін қызымды Астанаға жеткізуді сұраймын. Менің қызым осымен алтыншы күн Жезқазған қаласында, көпсалалы ауруханада, жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Жақсару белгілері жоқ... Қан құйды. Қызымның өз өмірі үшін күресуге қауқары жоқ. Өтінемін, сізден жалынып сұраймын, маған көмектесіңізші, бізді алып кетіңіздерші! Бірнәрсе жасаңыздаршы! Кімге барып, зарымды айтарымды білмеймін. Дәрігерлердің кінәсі мен немқұрайлылығы... олар соқырішекті уақтылы анықтамады, бірақ мен айғайлап, белгілерін бәрін айтсам да. Мен көмектесіңіздерші деп сұрадым! Ота жасаңыздар, соқырішек, ультрадыбыстық зерттеу жүргізіңіздер деп айтып, дабыл қақтым", - дейді анасы 2025 жылдың 13 желтоқсанда жарияланған видеода.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram-дағы парақшасында өзінің және денсаулық сақтау министрлігінің қыздың анасымен байланыста екенін айтты.

"Барлық қажетті шаралар қабылдануда", – деп жазды балалар омбудсмені.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакторына ведомство басшысы Ақмарал Әлназарованың қыздың ата-анасымен байланысқа шыққанын жеткізді. Басқа мәліметтерді кейінірек ұсынуға уәде берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: