Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті

Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2025 14:30 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 16 желтоқсанда Ақорда мәлімдеді.

"Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.

Бұған дейін мемлекет басшысының Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: