Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулемен кездесті

Ерлан Қарин, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле, кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 20:30 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясы аясында ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулемен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО басшысының биылғы маусым айында елімізге ресми сапармен келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін бергенін атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның осы ұйыммен мәдени және табиғи мұраларды қорғау саласында ықпалдастықты тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. Жер жүзінде климат өзгеріп жатқан кезеңде ЮНЕСКО-ның қолдауымен Алматыдағы Орталық Азия аймақтық гляциологиялық орталығының дәйекті түрде жүргізіп отырған зерттеулерінің мән-мағынасы зор.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО басшысына Ұйымның Алматы қаласындағы Кластерлік кеңсесіне Көпсалалы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Одрэ Азуле Қазақстанға жасаған сапарын ерекше ықыласпен еске алып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі реформаларға, соның ішінде білім, ғылым және мәдениет саласын дамытуға бағытталған іс-шараларға жоғары баға берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: