Мемлекет басшысы Корея президентін туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Корея президентін туған күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 11:41 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Ли Чжэ Мёңді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, президент жеделхатта Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы зор әлеуетке ие ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізген.

"Сонымен қатар Корея Президентімен бірге күш-жігер жұмылдыра отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге әзірлігін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне толағай табыс, Корея халқына құт-береке тіледі".Ақорда

Бұған дейін мемлекет басшысының Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: