Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы: оны 2025 жылы кімдер алды

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 09:12 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы бірнеше жазушы мен ақын үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қажетті құжатқа Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 желтоқсанда қол қойды.

"Мемлекет басшысы "2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы" Жарлыққа қол қойды",- деп жазды Ақорда.

Осылайша, биыл келесі жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі:

  • "Проза" номинациясы бойынша "Тергеуші" туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
  • "Поэзия" номинациясы бойынша "Құмдағы хикая" өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
  • "Драматургия" номинациясы бойынша "Ақ киіз" драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
  • "Балалар әдебиеті" номинациясы бойынша "Жазда атамның ауылында..." өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.

Бұған дейін Трамппен телефон арқылы сөйлескен Тоқаев оны Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: