Музыкант Уилл Смитті жыныстық сипаттағы қысым көрсетті деп айыптады

Музыкант Уилл Смитті жыныстық сипаттағы қысым көрсетті деп айыптады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2026 15:13 Сурет: Instagram/willsmith
Америкалық виолончельші Брайан Кинг Джозеф Голливуд актері әрі музыкант Уилл Смитті жыныстық сипаттағы қысым көрсетті деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық виолончельші Брайан Кинг Джозеф Голливуд актері әрі музыкант Уилл Смитті жыныстық сипаттағы қысым көрсетті деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Fox News телеарнасы мәлімдеді.

Басылым дерегіне сүйенсек, музыкант Лос-Анджелес қаласының сотына талап-арыз түсірген. Өтініште оқиғаның 2025 жылы Лас-Вегаста болғаны айтылған. Сол кезде Уилл Смит виолончельшіні өзінің музыкалық турына қатысу үшін жалдаған көрінеді.

Джозефтің айтуынша, өзі жоқ кезде жұмыс беруші берген қонақүй бөлмесіне белгісіз біреу кіріп, хат қалдырған. Онда: "Брайан, мен 5:30-дан кешікпей қайтып келемін, екеуміз ғана боламыз" деген жазу болған. Хат жүрек белгісімен және "Стоун Ф." деген қолтаңбамен толықтырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: