Бір жыл бұрын жасалған қылмыс: Алматыда бопсалау мен тонау ісі бойынша күдікті табылды
Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полициясы бір жылдан астам уақыт өткен соң бопсалау және тонау сияқты ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген ер адамды анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс 2024 жылы жасалған.
"Сол кезде үш қаскүнем топ болып әрекет етіп, қорқыту мен күш қолдану арқылы шамамен 3 миллион теңге көлеміндегі ақшаны иемденген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысқа қатысқан екі адам жедел түрде ұсталып, сотқа беріліп, сотталды. Ал үшінші күдікті бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын", – делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кешені аясында іздеуде жүрген азаматтың жүрген жері анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін Алматы полициясы жалған электронды түбіртектерді пайдалану арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адамның ұсталғаны туралы хабарлаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript