Маңғыстаудағы трагедия: полиция жол апатының нақты ауқымын айтты
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 16 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысындағы тасжолда Yutong маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алды. Облыстық Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі Zakon.kz-ке қайғылы апаттың жаңартылған мән-жайын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, салдарынан автобус жол жиегіндегі арыққа аударылған.
Автобус салонында жолаушылар болған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі жарақат алды, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді", – деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицияның тілшінің сұрауына нақтылауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ), жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
"Жол қозғалысы ережелерін болмашы бұзудың өзі қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін", – деп ескертті Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі түрлі деңгейдегі жарақат алғандар саны небәрі үш адам деп хабарлаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript