Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 17:48 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Australian Open турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл кезеңде әлемнің 62-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен ойнады.

Қазақстандық теннисші тартысты бәсекеде 7:6(4), 7:6(5), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бублик бұл матчта 21 эйс жасап, екі қос қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды. Ал қарсыласы 10 эйс жасап, бір қос қателік жіберді.

Айта кетейік, Александр Бублик Australian Open турнирінің үшінші айналымында алғаш рет ойнап көрді.

Енді ол турнирдің ширек финалына шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, аустриялық Алекс де Минаурмен шеберлік байқасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: