Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалына шыға алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатқан Australian Open турнирінің төртінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы бұл кезеңде әлемдік рейтингіде 14-орында тұрған америкалық теннисші Мэдисон Кизбен кездесті.
Киз алғашқы cетте 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда Рыбакина есе қайтарды — 6:1. Шешуші сетте америкалық теннисші 6:3 ұтып кетті.
Осылайша, Мэдисон Киз ширек финалға шығып, ол енді украиналық спортшы, әлемнің 27-ракеткасы Элина Свитолинамен кездеседі.
Матч 1 сағат 50 минутқа созылды. Елена ойын кезінде үш эйс жасап, алты рет қос қателік жіберді және 13 брейк-пойнттың тек төртеуін сәтті пайдалана білді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript