Ақтөбе маңында жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды
Фото: Zakon.kz
Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәлімдеді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақтөбе қаласынан Мартөк ауылына бағыт алған "Honda Odyssey" автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан "Hyundai Solaris" автокөлігімен соқтығысты. Соққыдан "Honda Odyssey" бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.
"Honda Odyssey" автокөлігінің бір жолаушысы және ВАЗ-2110 автокөлігінің бір жолаушысы зардап шекті, оларға медициналық көмек көрсетілді.
"Honda Odyssey" автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан бес адамның қаза тапқанын жазғанбыз.