Астана – Қарағанды – Алматы автожолында бес көлік соқтығысты

Астана – Қарағанды – Алматы автожолында бес көлік соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 20:10 Сурет: видео скрині
10 наурыз сағат 15:00 шамасында республикалық маңызы бар "Астана – Қарағанды (айналма жолы) – Алматы" автожолының 250-шақырымында, Қарағанды – Ақсу-Аюлы бағытындағы жол учаскесінде, Атамекен ауылы маңында бес көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін ауа райының күрт нашарлауына байланысты (ұйытқыған қар, боран, екпінді жел, көріну деңгейінің төмендеуі) сағат 10:40-тан бастап аталған автожол учаскесінде барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілген болатын.

Соған қарамастан, аталған көлік құралдары жол қозғалысына қойылған шектеуді елемей, жабық учаскеге шығып кеткен.

Жол қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде көлік жүргізушілерінің орнында болмағаны анықталды. Сонымен қатар кейбір көлік құралдарында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері болмаған.

"Қазіргі уақытта жолды күтіп-ұстау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған учаскеде жол пайдалану бөлімшелерінің 15 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды. Жол қызметтері жол-көлік оқиғасының салдарын жою, сондай-ақ автокөліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Ұлттық компания жүргізушілерге жол қозғалысына енгізілген шектеулерді қатаң сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауды және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұлжытпай орындауды ескертті.

"Қолайсыз ауа райы жағдайында жабық жол учаскелеріне шығу және жол қызметтерінің ескертулерін елемеу жол қозғалысы қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін"."ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: