Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам опат болды
Сурет: видео скрині
24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Жетісу облысы Ақсу ауданында "Көшкентал — Қапал" автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан.
Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шығып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуп жатыр.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеп-тексеру барысы Департамент басшылығының бақылауында", — делінген хабарламада.
Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript