Жетісу облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2023 14:26 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында жол апатынан 4 адам мерт болды, қайғылы оқиға Алматы-Өскемен автожолының 453 шақырымында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі рөлді басқара алмай, басып озу маневрін жасай отырып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты.

Сурет: polisia.kz

Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды.

Сурет: polisia.kz

Аталған көліктен тағы үш бала әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: