Талдықорғанда ірі көлемдегі алаяқтық дерегі әшкереленді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 10:26 Фото: Zakon.kz
Талдықорған қаласында жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеуге негіз болған бұл оқиға "делдалсыз", "тез шешім" уәделеріне сенудің қалайша ірі қаржылық шығындарға әкелетінін айқын көрсетеді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың көктемінде Талдықорған қаласының 29 жастағы тұрғыны қасақана әрі пайдакүнемдік мақсатта азаматтардың ақшалай қаражатын заңсыз иемденуді көздеген. Ол өзін мемлекеттік қайтарымсыз ақшалай көмек — "грант" рәсімдеуге көмектесе алатын тұлға ретінде таныстырып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен әрекет еткен.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап, ешқандай өкілеттігі мен мемлекеттік төлемдерді бөлуге ықпал ету мүмкіндігі бола тұра, ол алғашқы жәбірленушіні жаңылыстырған. Грант алуға болатынына сендіріп, 2025 жылдың қаңтарынан шілде айына дейін жәбірленушіден қолма-қол ақша және банк мобильді қосымшасы арқылы аударымдар түрінде шамамен 300 мың теңге алған.

Алайда грантты рәсімдеу бойынша ешқандай әрекет жасалмаған, алынған қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған. Құқыққа қайшы әрекеттер мұнымен тоқтамаған. 2025 жылдың наурыз айында күдікті екінші жәбірленушіні тұрғын үй алуға көмектесемін деп алдаған.

Тұрғын үй кезегіне ықпал ете алатын лауазымды атқармайтынын және мұндай мүмкіндігі жоқ екенін біле тұра, ол жәбірленушіден шамамен 200 мың теңге алған.

Уәде етілген баспана берілмеген. Тағы бір жәбірленушілердің бірі балаларымен үйде отырған аналар екені анықталды. Балалар жәрдемақысын бір жасқа дейін ұзартамын және қосымша қайтарымсыз мемлекеттік көмек рәсімдеймін деген желеумен әйел тағы 10 адамды алдаған.

Бір жыл бойы азаматтар шын мәнінде жоқ әлеуметтік қолдауға үміт артып, оған ақша берген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 2 миллион 400 мың теңгеден асты. Қылмыстық іс сотқа жолданып, айыпталушының әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

"Мемлекеттік төлемдер, гранттар мен әлеуметтік көмек тек уәкілетті органдар және ресми цифрлық платформалар арқылы ғана рәсімделеді. Мұндай мәселелерді ақшаға "шешіп беремін" деген кез келген ұсыныс — алаяқтықтың айқын белгісі", — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Полиция азаматтарды қырағы болуға және тұрғын үй, жәрдемақы немесе грант алуды "жеделдетемін" дейтін делдалдарға сенбеуге шақырады. Бірде-бір мемлекеттік орган қолма-қол ақша немесе жеке шоттарға аударым талап етпейді. Күмән туған жағдайда ресми мекемелерге жүгініп, күдікті деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: