Алматыда үш қабатты тұрғын үйдің жоғары қабаты толығымен сүрілді

Сүру, заңсыз нысан, Алматы, үш қабатты тұрғын үй, жоғарғы қабаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 18:10 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда сот шешімімен үш қабатты тұрғын үйдің жоғары қабаты толығымен сүрілді. Бұл туралы ақпаратпен 2026 жылы 2 ақпанда оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері үшінші қабаты сүрілген тұрғын үйдің Шақшақ-Жәнібек көшесі, 3 мекенжайында орналасқанын нақтылады.

"Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз тұрғын үйді қайта жаңғыртып, жалпы аумағы шамамен 200 шаршы метр болатын үшінші қабатты салғаны анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы нұсқама берілді. Меншік иесі нұсқама талаптарын орындамағандықтан, басқарма Медеу аудандық сотына үшінші қабатты бұзу туралы талап арыз берді". Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сүру, заңсыз нысан, Алматы, үш қабатты тұрғын үй, жоғарғы қабаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 18:10

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

2025 жылы 22 тамызда сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды бұза бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: