Канада мектебіндегі атыс: Тоқаев ел премьер-министріне көңіл айтты

Канада мектебіндегі атыс: Тоқаев ел премьер-министріне көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 18:45 Сурет: olympic.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Канада премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты

Қазақстан Президенті Канада халқының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, қайтыс болған азаматтардың отбасыларын сабырға шақырды, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.

11 ақпанда Батыс Канададағы Британдық Колумбия провинциясындағы Тамблер-Ридж қаласының орта мектебінде атыс болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты.

Корольдік канадалық атты полицияның хабарлауынша, алты құрбан мектеп ғимаратынан табылды. Тағы бір адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Екі дене осы оқиғаға қатысы бар деп болжанып отырған тұрғын үйден табылды. Оныншы қаза тапқан – оқ атқан адамның өзі болды. Ол өзіне оқ атқан деген болжам айтылып отыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: