СҚО-да бақылау-өткізу бекетінде аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 16:12 Фото: Zakon.kz
СҚО-да бақылау-өткізу бекетінде 400 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Солтүстік Қазақстан облысында "Батыс" бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкерлері Петропавл қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған Lada Granta автокөлігін тоқтатты.

Ол есірткі заттарын интернет арқылы сатумен айналысатын заңсыз есірткі дүкендерінің біріне жұмыс істеді деген күдікке ілінді. Көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 405,36 грамм болатын α-PvP атты синтетикалық есірткі заты салынған орамалар тәркіленді.

Бұл — биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысында анықталған ең ірі синтетикалық есірткі партиясы. Күдіктінің айтуынша, ол 2025 жылдың желтоқсан айында есірткіні жасырын орындарға қалдыратын жасырып кетуші ретінде заңсыз қызметке кіріскен.

Кейін қылмыстық иерархияда жоғарылау мақсатында тасымалдаумен айналысуға келіскен. Алайда Қостанай қаласынан Петропавл қаласына психотроптық заттарды жеткізуге бағытталған алғашқы сапары соңғысы болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: