Түркістан облысында бағытынан адасқан 8 жасар бала аман-есен ата-анасына жеткізілді

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 16:36 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында мектептен үйіне қайтып бара жатқан кәмелетке толмаған 8 жасар жасөспірім күнделікті мінетін автобусының орнына басқа қоғамдық көлікке мініп, бағытынан адасқан.

Нәтижесінде бала үйіне уақытында оралмаған. Осыған байланысты ата-анасы 102 арнасына хабарласып, көмек сұраған.

Оқиға бойынша жедел іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, Сауран аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары кешкі уақытта аумақты аралау барысында баланы анықтады.

Нақтырақ айтқанда кешкі сағат 20:00 шамасында Үшқайық ауылдық округіне қарасты Теке ауылы маңындағы көпір тұсында жалғыз жаяу кетіп бара жатқан баланы полицейлер байқап, ата-анасына тарсырды.

Жасөспірімнің ата-анасы полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, ұлын аман-есен тапқаны үшін алғысын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: