Қызылорда облысында рейдтік іс-шаралар барысында 250-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес құрылған арнайы жұмыс тобы аудандарды аралап, рейдтік іс-шаралар өткізуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 09:26 Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес құрылған арнайы жұмыс тобы аудандарды аралап, рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Рейд барысында 250-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда тиісті тіркеусіз және ҚР міндетті сақтандыру заңнамасын бұзудың 18 дерегі, жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзудың 1 дерегі, белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарудың 4 дерегі анықталды.

Сонымен қатар міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеудің 8 дерегі, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың 11 дерегі және жүргізушінің мас күйінде көлік басқаруының 1 дерегі анықталды.

Қауіпсіздік белдігін тақпау және тасымалдау қағидаларын бұзудың 101 дерегі тіркелді. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, заң аясында шаралар қабылданды.

Полицейлер қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында бақылауды күшейтіп, заң талаптарына бағынбаған азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: