СҚО тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2 млн теңге қаражатынан айырылып қалды

Хакеры, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 09:27 Фото: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында интернет-алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, жаңа айла-тәсілдерге жүгінуді жалғастыруда.

Петропавл қаласының 59 жастағы тұрғынына бұрынғы жұмыс орнынан хабарласқандай болып, өзін кадр бөлімінің заңгері ретінде таныстырған белгісіз тұлға қоңырау шалған.

Ол әйелдің жеке ісін алып кеткенін айтып, мән-жайды анықтау үшін басқа "заңгердің" байланыс нөмірін жолдаған.

Кейін өзін құқық қорғау органының қызметкері және банк менеджері ретінде таныстырған адамдар хабарласып, жәбірленушіні интернет-алаяқтық тәуекелі жоғары топқа кіргеніне сендірген. Әңгіме барысында қауіп деңгейі үнемі күшейтіліп отырған.

Нәтижесінде белгісіз тұлғалар оның банк аккаунтын бұзуға әрекет жасалып жатқанын айтып, қаражатты сақтау мақсатында ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажеттігін жеткізген. Әйел алаяқтардың нұсқауын орындап, 2 млн теңгеден астам жинағын аударып жіберген.

Абырой болғанда қылмыскерлер жиі қолданатын несие рәсімдеу фактісі орын алмаған. Жәбірленуші уақытылы алданғанын түсінген.

Полиция қызметкерлері ескертеді:

  • Құқық қорғау органдары телефон арқылы құпия немесе қаржылық ақпарат сұратпайды;
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларына қатысу қажет болған жағдайда ресми шақыру қағазы жолданады;
  • Қаржыға қатысты кез келген ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеру қажет.

Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың 33 дерегі тіркелген. Жәбірленушілер қатарында зейнеткерлер, мұғалімдер, жұмыссыз азаматтар, жұмысшылар, медицина қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер бар. Олардың көпшілігі интернет-алаяқтық қаупі туралы хабардар болғанымен, алаяқтардың арбауына түсіп қалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: