Павлодар облысы аумағында мал ұрлаушылар тобы ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 10:49 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында жедел қызметкерлер мал ұрлаумен айналысқан 9 күдіктіден тұратын қылмыстық топты ұстады, олардың төртеуі қамауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өткен күзде күдіктілер еркін жайылымдардан мал ұрлаған. Кейін малды сойып, етін өткізген.

"Келтірілген материалдық шығын 40 млн теңгеден асты. Сонымен қатар олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Бұдан бөлек, полиция ветеринарлық қызметпен бірлесіп, мал мен ет өнімдерін тасымалдау бойынша тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар жайылымдарды және қараусыз жүрген малды, сондай-ақ сауда нүктелерін, базарларды, сою пункттерін және мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеруде.

Бұл ретте мал айналымының заңдылығын растайтын құжаттарға және ветеринарлық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылады.

Полиция мал иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Ұрлық деректерінің басым бөлігі қараусыз және тіркелмеген малға қатысты тіркелуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: