Тоқаев тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Тоқаев, қауіпсіздік шаралары, әуежай, теміржол, көлік, тіршілік нысандары, тапсырма, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 17:26 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 4 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды".

Сондай-ақ аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына жүктелгені де нақтыланады.

Бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: