Таразда қала ішінде кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2026 19:14 Фото: pexels
Таразда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж қатысушылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Жамбыл даңғылында қалыңдықты күйеу жігіттің үйіне алып бара жатқан автокөліктер кортежі өзгелердің өміріне қауіп төндіретін бұзушылықтар жасағаны анықталды.

Полиция қызметкерлерімен тез арада Toyota, BMW, Mitsubishi, Volkswagen, Audi және Lada автокөліктерінің 9 жүргізушісі анықталып, жауапкершілікке тартылды.

"Аталған құқық бұзушылықтар қатарында апаттық жағдай туындату, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау, қиылыстардан өту ережелерін бұзу, сондай-ақ маневр жасау талаптарын бұзу және өзге де заң бұзушылықтар болған",- делінген полицияның мәліметінде.

Бұған дейін Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: