Жамбыл облысында полиция ерекше акция ұйымдастырды
Фото: unsplash
Полиция қызметкерлерімен қаланың орталық көшелеріне жол-көлік оқиғаларынан қираған автокөліктер мен мопедтер қойылды.
Мыжылған темір мен сынған әйнектер жол қозғалысы ережелерін елемеудің салдарын сөзсіз-ақ айқын көрсетті. Акцияның басты мақсаты — азаматтардың назарын жол қауіпсіздігіне аудару және жылдамдықты асыру, салғырттық немесе қарапайым жол ережелерін сақтамау қандай жағдайларға әкелетінін көрнекі түрде көрсету.
Іс-шараға жас жол инспекторларының қатысуы ерекше әсер сыйлады. Оқушылар полиция қызметкерлеріне жол қозғалысы ережелерін түсіндіруге көмектесіп қана қоймай, жүргізушілерді сақ болуға шақырды.
"Полиция қызметкерлерімен "Заң және тәртіп" қағидаты аясында жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні қылмыс деңгейін 18 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. Сонымен қатар жол-көлік жарақаттануын азайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар да жүйелі түрде жүргізілуде. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде білім беру ұйымдарының маңында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Жаяу жүргіншілер өткелдеріне ескерту макеттері орнатылды. Осындай шаралардың нәтижесінде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары 20 пайыздан астамға азайды. Қоғамдық тәртіптің сақталуы да қатаң бақылауға алынған — деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев.
Мұндай акциялар әдеттегі ескертулер мен айыппұлдарға қарағанда әлдеқайда әсерлі. Жол апатының салдарын көзбен көру адамдарды ойландырып, өз әрекеттерін қайта қарауға итермелейді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/258389-2/
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript