Атырау облысында екі ағайынды ер адам атыс шығарып, бір адам жараланды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Атырау облысында жанжал атысқа ұласты. Оқиға Индербор кентінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 30 сәуірде "Астана ТВ" телеарнасының мәліметінше, үйлердің бірінің ауласында травматикалық қарудан бірнеше рет оқ атылған. Салдарынан 30 жастағы ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оған шұғыл түрде ота жасалған.
Қазіргі таңда науқас дәрігерлердің бақылауында. Ал шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен. Дегенмен полиция жедел іздестіру шараларын жүргізіп, екі күдіктіні ұстаған. Олар 2003 және 2004 жылы туған, Индербор кентінің тұрғындары – ағайынды жігіттер.
"Қылмыс жасаған барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деді Атырау облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Мейірім Ердаулет.
Бұған дейін Хромтауда 36 жастағы ер адамға полицейдің оқ атқаны хабарланған болатын. Ол тәртіп сақшысының әпкесін қорлаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript