Тоқаев Бақытжан Сағынтаевпен ЕАЭО-ның дамуы мен ЖИ технологиясын ілгерлетуді талқылады

Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 12:08 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 5 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басты бағыттары және Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында іске асырылатын жобалар жайында баяндалды.

Сондай-ақ президентке ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдемені әзірлеу жұмыстарының аяқталғаны туралы айтылды.

"Құжат экономика саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша интеграциялық бірлестік елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды". Ақорда

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: