Семей тұрғыны гаражын есірткі қоймасына айналдырған

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 09:03 Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында есірткі жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған іс-шараларды жүргізуде.

Мамыр айының басында Семей қаласында кешендi жедел-іздестіру мен арнайы іс-шаралар нәтижесінде елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің арнасы жойылды.

Жүргізілген тінту шаралары барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 килограмм болатын аса ірі көлемдегі марихуана анықталып тәркіленді. Есірткі одан әрі Абай облысы аумағында тарату мақсатында целлофан қаптамаларына оралған.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар барлық күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ ескертеді, есірткі жеткізу арналарын құрудың кез келген әрекеті қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: